"Қайрат" есе қайтарды

Сарапшы, спорт журналисі

"Қайрат" футзал клубы Қазақстан чемпионатының жартылай финалындағы екінші ойында "Атырауды" 6:0 есебімен тас-талқан етті. 

"Қайрат" есе қайтарды
Instagram/@afckairat

Плей-оффта қайта жанданған үміт

Бұл "Қайрат" үшін бірінші кездесудегі сенсациялық жеңілістен кейінгі қарымта матч болды.

Алматылықтар есепті тек 22-минутта ашты. Мергендік танытқан Эдсон болды. Араға екі минут салып Кайо Руиз таблодағы көрсеткішті еселей түсті. Кейін Кевин Арриета дубль жасаса, Арнольд Кнауб пен Жахангир Рашит бір голдан ерекшеленді. 

Осылайша сериядағы есеп теңестірілді — 1:1, ал шешуші үшінші кездесуде финалға кім өтетіні белгілі болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір