Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

ЖБ-Шоу! Ташкенттегі футбол мейрамы мен қазақ жанкүйерлері (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 13:14

Футбол мерекесінің куәсі болу үшін Ермұхамед Мәулен мен Олжас Байбосын Ташкентке арнай барып, атмосфераны өз көздерімен көріп қайтты. Көрген-түйгендерін бүгінгі шығарылымда бөлісті.

Футболдан Өзбекстан құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды. Бұл жетістік ел ішінде үлкен қуанышпен қарсы алынды. Ташкентте өткен Өзбекстан – Қатар матчы ерекше атмосферада өтті. Бұл кездесуге біздің тұрақты авторларымыз Ермұхамед Мәулен мен Олжас Байбосын арнайы барып, көрермен ретінде қатысып қайтты.

Сапар барысында олар тек футболды ғана емес, өзбек жанкүйерлерінің мәдениетін, стадиондағы ұйымдастыру жұмысын, қоғамның ұлттық құрамаға деген құрметін өз көздерімен көріп, қазақ футболына қажетті үлгілер мен ескертулерді іштей саралады.

Нені үйренуіміз керек?

Ермұхамед пен Олжастың айтуынша, Өзбекстанда ұлттық құраманың жетістігі – бүкіл халықтың ортақ қуанышы. Елдің әр түкпірінен келген жанкүйерлер стадионға лық толып, команданы соңына дейін қолдады. Ұйымдастырушылар тарапынан логистика мінсіз жасалған, тәртіп пен қауіпсіздік жоғары деңгейде қамтамасыз етілген. Бұл – Қазақстан үшін үлгі боларлық жағдай. Бірақ кемшіліктер де жоқ емес. 

Қазақ футболына қандай сабақ бар?

Өзбекстанның жетістігі – кездейсоқ емес. Ол бірнеше жыл бойы жасалған жүйелі реформалардың жемісі. Академиялар, инфрақұрылым, ішкі бірлік – мұның бәрі өз нәтижесін беріп жатыр. Ал біз болсақ, тек нәтижені күтіп емес, сол нәтижеге апаратын жолды бүгіннен бастап салуымыз керек.

Толығырақ — бүгінгі шығарылымда. Ермұхамед Мәулен мен Олжас Байбосын Ташкенттегі қызықты оқиғалармен бөлісіп, қазақ футболына қатысты өткір ойларын ортаға салады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір