Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

8,5 млн адам! Елде спортпен айналысатындар саны күрт артқан

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 17:10

Соңғы үш жылда Қазақстанда спортпен шұғылданатын азаматтардың саны 24%-ке өскен. Бүгінде ел халқының 40%-тен астамы салауатты өмір салтын ұстанады. 

egemen.kz
egemen.kz

Соңғы үш жылда Қазақстанда спортпен айналысатын азаматтардың саны 24 пайызға өсті. Бүгінде 8,5 миллионға жуық адам белсенді өмір салтын ұстанады. Бұл – халықтың 40%-тен астамын құрайды.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, елімізде спорт инфрақұрылымына, бұқаралық іс-шараларға және секциялар жұмысына сұраныс артуда. Қоғамда денсаулық пен қозғалыс мәдениетіне деген қызығушылық өсіп, салауатты өмір салтын ұстанушылар қатары айтарлықтай көбейген.

Мемлекеттік қолдау – басты қозғаушы күш

Министрлік мемлекеттік қолдаудың да бұл өсімге тікелей әсер еткенін айтады. Мәселен, 2023 жылы дене шынықтыру мен спортты дамытуға арналған мемлекеттік инвестиция көлемі 153 млрд теңгеден 315 млрд теңгеге дейін ұлғайған. Бұл қаражат:

  • спорт нысандарын салу және жаңғыртуға;
  • спорт секциялары мен үйірмелерін қолдауға;
  • бұқаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға;
  • жаттықтырушылар мен мамандар даярлауға бағытталған.

Бұқаралық және кәсіби спорт

Жаңа спорт кешендерінің ашылуы, шалғай аймақтарда инфрақұрылымның жақсаруы мен жастар арасында спорттық үйірмелердің көбеюі — дені сау ұлт қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі. Министрлік бұл серпіннің жалғасатынына сенімді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір