Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақ қызы FIDE Grand Swiss-те үздіктер қатарына енді

Сарапшы, спорт журналисі
16.09.2025, 17:32

21 жастағы қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева Самарқандта өткен беделді FIDE Women’s Grand Swiss турнирінде жеңіс тұғырына көтерілді. Бұл — Қазақстан әйелдер шахматы үшін бұрын-соңды болмаған оқиға.

Қазақ қызы FIDE Grand Swiss-те үздіктер қатарына енді
sports24.kz

Турнир нәтижесі

Асаубаева турнирді үшінші орынмен аяқтап, 25 мың доллар көлемінде жүлде қорының иегері атанды. Соңғы турға дейін ол жеңіс үшін күресіп, қытайлық шахматшылармен қатарлас тұрды.

Шешуші ойында қазақстандық спортшы украиналық Анна Музычукпен тең ойнап, өз қоржынына 7½ ұпай қосты. Бұл нәтиже оған үздік үштікке енуге мүмкіндік берді.

Жеңімпаздар үштігі

  1. Вайшали Рамешбабу (Үндістан) — 8 ұпай
  2. Катерина Лагно (Ресей) — 8 ұпай
  3. Бибісара Асаубаева (Қазақстан) — 7½ ұпай

Айта кетсек, Вайшали былтырғы жетістігін қайталады, ал Лагно да тұрақты жоғары деңгейін көрсетті.

Қазақстан шахматы үшін тарихи сәт

Бұл жетістік Бибісара Асаубаеваның халықаралық деңгейдегі беделін арттырып қана қоймай, оны 2026 жылғы үміткерлер турниріне FIDE Women’s Events рейтинг арқылы жақындатты.

Қазақстан шахматы тарихында алғаш рет әйел гроссмейстер әлемнің үздіктері қатарынан көрінуі — ел спорты үшін маңызды бетбұрыс.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір