Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстандық волейболшылар ӘЧ үздіктері қатарына енді

Сарапшы, спорт журналисі

«Жетісу» клубы жуырда клубтық әлем чемпионатында алғаш рет бақ сынаған болатын. 

Қазақстандық волейболшылар ӘЧ үздіктері қатарына енді
Sports24.kz

Бразилияның Сан-Паулу қаласында волейболдан әйелдер арасындағы клубтық әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Шешуші матчта Еуропаның екі алпауыт клубы — Италия чемпионатының өкілдері, CEV Чемпиондар лигасының финалистері «Конельяно» мен «Скандиччи» кездесті. Бұл жолы жеңіс «Скандиччи» командасына бұйырды. Италиялық ұжым қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсіп, клубтар арасындағы әлем чемпионы атанды.

Бір айта кетерлігі, дәл осы додада Қазақстан чемпионы әрі Азия Чемпиондар лигасының жеңімпазы «Жетісу» да қатысты. Қазақстандық клуб болашақ әлем чемпиондарымен бір топта ойнап, келесі нәтижелерді тіркеді:

  • «Скандиччи» (Италия) — 0:3
  • «Альянса» (Перу) — 1:3
  • «Озаску» (Бразилия) — 2:3

Осылайша «Жетісу» топтық кезеңнен аса алмай, жарысты ерте аяқтады. Соған қарамастан «Жетісу» командасының бірнеше волейболшысы клубтық әлем чемпионатының үздік ойыншыларының қатарына енді.

Мәселен, клуб капитаны Кристина Аниконова 10 блок жасаумен үздік блоктаушылар тізімінде екінші орынға тұрақтады. Ал пас беруші Дарья Шаркородская 6 эйс орындап, үздік сервис жасаушылар арасында екінші, сондай-ақ турнирдің ең үздік пас берушілер тізімінде төртінші орынға ие болды. Өз кезегінде Мария Фролова доп қабылдау сапасы бойынша ТОП-3 ойыншының бірі атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір