Көкпардан әлем чемпионаты: Қазақстанға кім қарсы тұрады?
Барлық ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
azattyq-ruhy.kz
Түркістан қаласында көкпар сүйер қауым тағатсыз күткен айтулы дода – Көкпардан әлем чемпионаты басталды. Байрақты бәсекеге биыл жалпы саны 9 команда қатысып жатыр.
Топтардың құрамы
Жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша командалар екі топқа бөлінді:
- А тобы: Түркия, Қазақстан, ҚХР (Қытай), Тәжікстан, Өзбекстан.
- В тобы: Ресей, Мажарстан (Венгрия), Ауғанстан, Моңғолия.
Топтық кезеңнің алғашқы күні, 17-наурызда келесідей тартысты кездесулер өтеді:
- 12:00 ҚХР – Өзбекстан
- 13:00 Ресей – Моңғолия
- 14:00 Қазақстан – Тәжікстан
- 15:00 Мажарстан – Ауғанстан
- 16:00 Түркия – Өзбекстан
Барлық ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін қатысады деп жоспарланған Қырғызстан, Әзірбайжан және Пәкістан құрамалары түрлі себептермен бұл чемпионатқа келмеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet