Ербол Хамитовке Астанадан пәтер сыйға беріледі
Ербол Хамитов Италияда өткен XIV қысқы Паралимпия ойындарында жоғары нәтиже көрсетіп, ел абыройын асқақтатқан еді.
Azattyq-ruhy.kz
Қазақстандық параспортшы, Паралимпиада-2026 чемпионы Ербол Хамитовке Астанадан жаңа пәтер табысталады. Ресми ақпаратқа сәйкес, 27 наурыз күні сағат 15:00-де елордада салтанатты рәсім өтеді.
Чемпионға екі бөлмелі пәтердің кілтін "Grand Building Group" құрылыс компаниясы табыстайды.
Хамитов тарихи жетістікке жетті
Ербол Хамитов Италияда өткен XIV қысқы Паралимпиада ойындарында жоғары нәтиже көрсетіп, ел абыройын асқақтатты.
- Парабиатлоннан 4,5 км қуу жарысында алтын медаль;
- Парашаңғыдан 1500 метрлік спринтте қола медаль.
Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен дода:
- 6–15 наурыз аралығында өтті;
- 55 елден 600-ден астам спортшы қатысты;
- 79 медаль жиынтығы сарапқа салынды.
Жарыс бағдарламасына парабиатлон, парашаңғы, парахоккей, арбадағы керлинг, парасноуборд және паратау шаңғысы енді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet