Қазақстандық шахматшылар командалық ӘЧ-да сенсациялық стартпен көш бастады

Спорт шолушысы

Гонконгта өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық команда алғашқы төрт турдан кейін жеңіліссіз нәтижемен көш бастады.

Қазақстандық шахматшылар командалық ӘЧ-да сенсациялық стартпен көш бастады
ФИДЕ

Рапид форматындағы ойындардан соң тек екі команда KazChess пен Dragon Chilling ғана жеңіліссіз сериясын сақтап, турнир кестесінде көш бастады.

KazChess құрамасы рапид рейтингіндегі ең мықты үш команданың бірі саналады. Команда сапында Бибісара Асаубаева, Қазыбек Нөгербек, Алдияр Аңсат, Меруерт Камалиденова, Құмар Тюлюпов бар. Сонымен қатар халықаралық деңгейдегі гроссмейстерлер Шахрияр Мамедьяров, Александр Грищук, Рихард Раппорт және Ван Хао өнер көрсетуде.

Ал қазақстандық екінші команда Barys.kz бірінші күннен кейін 6 ұпай жинап, ортаңғы топта орналасқан. Құрамда Пётр Свидлер, Дмитрий Андрейкин, Ксения Балабаева және басқа шахматшылар өнер көрсетуде.

Жалпы көрсеткіш

Төрт турдан кейін:

  • KazChess пен Dragon Chilling - 8 ұпай
  • Mr Birdie and friends - 7 ұпай
  • 10 команда, соның ішінде Barys.kz - 6 ұпай

Екінші күні турнирдің басты кездесуі KazChess пен Dragon Chilling көшбасшылар арасында өтеді.