Шайдоров пен оның бапкерлеріне қанша сыйақы төленгені белгілі болды

Спорт шолушысы

XXV қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына ақшалай сыйақы төлеу туралы қаулы қабылданды. Төлемдерге бюджет резервінен қаражат бөлінді.

Шайдоров пен оның бапкерлеріне қанша сыйақы төленгені белгілі болды
Olympic.kz

Туризм жəне спорт министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, қаржылай қолдау екі спортшыға және олардың бес жаттықтырушыға берілді. Спортшылар қатарында мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров - 250 000 және конькимен жүгіруші Надежда Морозова - 5 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақыға ие болады.

Олимпиадаға қатысқан спортшылар жергілікті атқарушы органдар тарапынан қосымша қолдауға ие болады. Атап айтқанда, әкімдіктер спортшыларға коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін пәтер ұсыну мәселесін қарастырады. Еске салсақ, осыған дейін Михаил Шайдоров тарихи жеңістен кейін жалақысыз жүргенін айтқан болатын.

Олимпиада туралы

XXV қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтті. Қазақстан атынан қатысқан спортшылар арасында Михаил Шайдоров жүлде иегері атанса, Надежда Морозова үздік спортшылар қатарына енген болатын.