Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Семсершілер ғажайып камбэк жасап, Азиада чемпионы атанды

Қазақстанның ерлер құрамасы Азия ойындарында семсерлесуден командалық сында алтын медаль жеңіп алды.

Семсершілер ғажайып камбэк жасап, Азиада чемпионы атанды
Спортты дамыту дирекциясы

Финалда Оңтүстік Кореямен кездесті

Қазақстандық шпагашылар шешуші кездесуде Оңтүстік Корея құрамасын тартысты бәсекеде ұтты. Қазақстан намысын финалда Руслан Курбанов, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай қорғады. Ал Оңтүстік Корея сапында Нам Ен Хо, Джанг Хой Мин, Парк Санг Юнг және Квон О Мин өнер көрсетті.

Кездесудің бастапқы бөлігінде есеп тең өрбіді. Кейін Оңтүстік Корея құрамасы қарқынын күшейтіп, айырманы 10 ұпайға дейін жеткізді. Соған қарамастан қазақстандықтар соңына дейін күресті. Олар ұпай айырмасын біртіндеп қысқартып, есепті 42:42-ге теңестірді.

Шешуші сәтте соңғы нәтижелі шаншуды Қазақстан құрамасы орындап, финалды 43:42 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Қазақстанға алтын медаль

Осы жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы Азиада-2026 ойындарының командалық шпага сайысында чемпион атанды.

Бұл нәтиже қазақстандық семсерлесушілердің биылғы халықаралық маусымдағы тағы бір ірі табысына айналды. Бұған дейін ұлттық құрама әлем чемпионатында да алтын медаль жеңіп алған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?