Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстанның тоғызыншы "алтынына" шағым түсті

Бүгін қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында спорттық жүрістен бірінші орын иелеген еді. Алайда оның нәтижесі әзірге есеп алынбай тұр. 

Қазақстанның тоғызыншы "алтынына" шағым түсті
olympic.kz

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаеваның Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы жеңісіне қатысты шағым түсті.

Жарыстың ресми сайтындағы хаттамаға сәйкес, 27 қыркүйекте өткен әйелдер арасындағы марафондық спорттық жүріс нәтижесінің тұсында "Protested" деген белгі пайда болған.

Тоқсанбаева хаттамада әлі де бірінші орында

Қазіргі сәтте ресми финал хаттамасында Ясмина Тоқсанбаева жеңімпаз ретінде көрсетіліп тұр.

Қазақстандық спортшы қашықтықты 3 сағат 22 минут 20 секундта аяқтады.

Екінші орын Қытай өкілі Даньчжэнь Гоцзунға бұйырған – 3:26.09. Оның отандасы Ма Ли 3:32.26 нәтижесімен үшінші болды.

Алтын медаль жалпы есепке әлі алынбаған

Бір айта кетерлігі, Тоқсанбаеваның нәтижесі әзірге Азия ойындарының жалпы медаль кестесіне енгізілген жоқ.

Ресми сайттағы қазіргі есеп бойынша Қазақстан құрамасында:

  • 8 алтын;
  • 9 күміс;
  • 21 қола медаль бар.

Жалпы саны – 38 жүлде. Қазақстан бесінші орында тұр.

Қазіргі уақытта Ясмина Тоқсанбаеваның нәтижесі жойылғаны немесе оның дисквалификацияланғаны жөнінде ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Қазақстан бесінші орында

Медаль кестесінде төртінші орында Өзбекстан келеді. Олардың қоржынында 10 алтын, 17 күміс және 10 қола бар.

Ал алғашқы үштікте Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея құрамалары орналасқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?