Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Илья Ильин Қазақстанның ӘЧ-дағы тарихи жетістігіне үн қатты

Ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионатындағы күміс медаліне төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин ерекше қуанып, әлеуметтік желіде құттықтау жариялады.

Илья Ильин Қазақстанның ӘЧ-дағы тарихи жетістігіне үн қатты
vesti.kz

Ильин құттықтау жолдады

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Instagram парақшасында Нұрғиса Әділетұлының жетістігіне арналған бейнежазба жариялады. Ол отандасының әлемдік додадағы өнеріне жоғары баға беріп, қуанышын көпшілікпен бөлісті.

"Қазақстан, 95 келіге дейінгі салмақтағы әлем чемпионатының күміс медалімен құттықтаймын! Нұрғиса Әділетұлы, сені жеңісіңмен құттықтаймын! Күміс медалің құтты болсын! Шын жүректен құттықтаймын!" – деп жазды Илья Ильин.

Әлем рекордын жаңартты

4 қарашада Қытайдың Нинбо қаласында өткен әлем чемпионатында Нұрғиса Әділетұлы 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап, күміс жүлде иемденді. Зілтемірші жұлқа көтеруде 182 келіні бағындырып, әлемдік рекорд орнатты. Бірақ кейін болгариялық Карлос Насар 185 келіні көтеріп, бұл көрсеткішті жаңартты.

Серпе көтеруде Нұрғиса 217 келіні еңсерді. Осылайша екі жаттығудың қорытындысы бойынша 399 келі жинап, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?