Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирі алдында жанкүйерлеріне үн қатты

Маусымның үздік сегіз теннисшісі қатысатын WTA Finals 8–15 қараша аралығында АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтеді.

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирі алдында жанкүйерлеріне үн қатты
olympic.kz

Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте өтетін WTA қорытынды турнирі қарсаңында жанкүйерлеріне үндеу жасады.

Қазақстандық спортшы маусымның соңғы ірі жарысын асыға күтіп жүргенін айтып, көрермендерді матчтарға шақырды.

"Кортта кездескенше!"

Рыбакина Tennis Channel-дің Instagram парақшасында жарияланған видеода жыл бойы қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс білдірді.

"Баршаңызға сәлем! Индиан-Уэллсте жүргеніме өте қуаныштымын. Біздің ойынымызды көруге келіңіздер және маусымның соңғы теннис аптасын бірге тамашалаңыздар. Әрине, жыл бойы мені қолдаған барлық жанкүйерге үлкен рақмет. Кортта кездескенше!" – деді Рыбакина.

Жеребе қорытындысы бойынша Елена Рыбакина бірінші топқа түсті. Онымен бірге америкалық Кори Гауфф пен Джессика Пегула, сондай-ақ Чехия өкілі Линда Носкова өнер көрсетеді.

Қазақстандық теннисші турнирдегі алғашқы матчын Носковаға қарсы өткізеді.

Әлемдік рейтингтің бірінші және сегізінші ракеткалары арасындағы кездесу 8 қарашадан 9 қарашаға қараған түні өтеді. Матчтың басталуы Қазақстан уақытымен 01:00-ге жоспарланған.

Топтан екі теннисші плей-оффқа шығады

WTA қорытынды турнирінің ережесіне сәйкес, әр топтағы теннисшілер бір-бірімен айналмалы жүйе бойынша кездеседі. Топтық кезең аяқталған соң үздік нәтиже көрсеткен екі спортшы плей-офф кезеңіне жолдама алады.

Айта кетейік, маусымның үздік сегіз теннисшісі қатысатын WTA Finals 8–15 қараша аралығында АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?