Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирде қарсыластарын ойсырата жеңді
Құламбаева австралиялық Габриэлла Да Сильва Фикпен бірге WTA 250 турнирінің жұптық сынында ширек финалға жолдама алды.
WTA 250 турнирі Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатыр. Дуэт жарыстың алғашқы кезеңінде жапониялық Хироко Кувата мен үндістандық Анкита Райнаға қарсы ойнап, 6:1, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Кездесу бір сағатқа созылды.
Теннисшілер жұбы жартылай финалға шығу үшін Май Хонтама мен Моюка Утидзима (Жапония) және Вероника Фальковская (Польша) мен Алана Смит (АҚШ) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі. Фальковская мен Смит турнирдің екінші нөмірлі жұбы саналады.
Chennai Open турнирі ашық хард корттарында өтіп жатыр. Жарыстың жүлде қоры 283 347 долларды құрайды.
Бұл туралы не ойлайсыз?