Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Жетісу" Үндістанда жүлдесіз қалды

Волейболдан Қазақстанның қазіргі чемпионы "Жетісу" CAVA Men’s Volleyball League 2026 турнирін төртінші орынмен аяқтады.

"Жетісу" Үндістанда жүлдесіз қалды
instagram/@blackhawkstelugu

Қола жүлде үшін матч қалай өтті?

Үшінші орынға таласта "Жетісу" мен "Телугу Блэк Хокс" төрт партия ойнады. Алғашқы сетте үндістандық команда 25:23 есебімен басым түсті. Екінші партияда Қазақстан чемпионы 25:21 есебімен жеңіп, таразы басын теңестірді.

Бірақ келесі екі сет алаң иелерінің пайдасына аяқталды — 25:17, 25:22. Сөйтіп "Телугу Блэк Хокс" жалпы 3:1 есебімен жеңіске жетіп, қола медаль иеленді.

Топта жеңген қарсыластарына плей-оффта жол берді

Марат Адрышев жаттықтыратын "Жетісу" топтық кезеңде үш рет жеңіске жетіп, бір матчта ұтылған еді.

  • "Телугу Блэк Хокс" Жеңіс — 3:1 25:21, 18:25, 25:19, 29:27
  • "Мумбаи Метеорс" Жеңіс — 3:0 25:18, 25:19, 25:19
  • "Бенгалуру Торпедос" Жеңіс — 3:0 25:11, 25:16, 25:19
  • "Фулад Сирджан" Жеңіліс — 0:3 23:25, 17:25, 10:25

Бірақ жартылай финалда талдықорғандықтар топта үш сетте ұтқан "Бенгалуру Торпедосқа" 1:3 есебімен жол берді. Партиялар 22:25, 23:25, 25:23, 14:25 нәтижесімен аяқталды.

Қола медаль үшін ойында да топтық кезеңдегі жеңісін қайталай алмаған "Жетісу" жарысты төртінші сатыда тәмамдады.

Турнирдің бас жүлдесін үндістандық "Бенгалуру Торпедос" пен ирандық "Фулад Сирджан" сарапқа салады.

Бұл туралы не ойлайсыз?