Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен жеңді

Редактор Penalty.kz
21.09.2024, 19:36

Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатында Жаңа Зеландия командасын тас-талқан етті. 

Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен жеңді
tengrisport.kz

Қазақстан футзал құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатында Жаңа Зеландия командасын 10:0 есебімен ойсырата жеңді. 

Топтық кезеңнің үшінші матчы бүгін Ташкентте өтті. Бұл ойынды тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетті. 

Гол авторлары: Ринат Төреғазин (9-минут), Ақжол Дарибай (12-минут), Арнольд Кнауб (15, 16, 21, 23, 37-минуттар), Лео (21, 30-минуттар). Сонымен қатар, қарсылас команда ойыншысы Логан Висневски автогол соғып алды (31-минут).

Бұдан бөлек, Лео кездесудің 39-шы минутында қызыл қағаз алды. Енді ол келесі матчта ойнамайды.

Айта кетейік, D тобында өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы 7 ұпай жинап, екінші орынмен плей-офф кезеңіне шықты. Топтың жеңімпазы 7 ұпаймен еншілеген Испания болды. Ол қосымша көрсеткіштерге байланысты Қазақстаннан жоғары орналасты. Ливия 3 ұпаймен үшінші орынды иеленсе, Жаңа Зеландия қатарынан үшінші рет жеңіліп, төртінші орынға тұрақтады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар