Қазақстан Сингапурдың тас-талқанын шығарды

Сарапшы, спорт журналисі

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы кездесуін өткізді.

Қазақстан Сингапурдың тас-талқанын шығарды
olympic.kz

Отандық қол добы шеберлері Сингапурге қарсы айқын басымдық танытты. Қазақстан құрамасы 39:7 есебімен жеңді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Осылайша қазақстандықтар үш ойынның екеуінде жеңіске жетті. Бұған дейін олар Қытайдан (28:26) басым түсіп, Оңтүстік Кореяға (20:30) есе жіберген.

Әр топтан екі команда плей-офф кезеңіне шығады. Қазақстанның топтық кезеңдегі орны Оңтүстік Корея мен Қытай арасындағы матч нәтижесіне байланысты анықталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір