"Астананың" 27 матчқа созылған сәтсіз сериясы үзілді (ВИДЕО)
"Астана" баскетболшылары ВТБ Бірыңғай лигасында "Самараны" қабылдады.
Қазақстандықтар ойынның бірінші бөлігін бір ұпай айырмасы басымдығымен аяқтады. Үлкен үзілістен кейін тізгінді қарсыласқа бермей, ақыры жеңіске жете алды.
Елордалықтардан 23 ұпай жинаған Григорий Мотовилов үздік болды. Даниель Утоми — 13 ұпай, Рустам Мырзағалиев — 11, Данила Походяев — 7, Андрей Десятников және Вадим Щербак — 6 ұпайдан, Галлин Смит — 4, Руслан Айтқали — 3, Асқар Майдекин — 2.
Бұл ВТБ Бірыңғай лигасының биылғы маусымында қатарынан 27 сәтсіз ойыннан кейінгі алғашқы жеңіс болды.
"Астана" 1 ақпанда өз паркетінде мәскеудің МБА баскетболшыларын қабылдайды.
ВТБ Бірыңғай лигасы. 28-тур
"Астана" — "Самара" 73:67 (16:24, 24:15, 17:15, 18:13).
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet