Қазақстандық ватерполшылар Азия чемпионатында екінші жеңісіне жетті
Қазақстан әйелдер құрамасы Гонконг командасын айқын басымдықпен ұтты.
kazsports.kz
Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде кезекті жеңісіне қол жеткізді. Спортшыларымыз Гонконг құрамасымен кездесіп, 25:6 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Турнир жайлы ақпарат
Әйелдер арасындағы Азия чемпионатына 6 команда қатысуда: Қазақстан, Қытай, Жапония, Сингапур, Өзбекстан және Гонконг. Жарыс айналмалы жүйе бойынша өтіп жатыр, яғни әр команда бір-бірімен кездеседі.
Әлем чемпионатына жолдама
Турнир қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен алғашқы екі команда 2025 жылы Сингапурде өтетін әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігін иеленеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet