Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Маңғыстауда спорттық мектеп-интернат ашылады

Редактор Penalty.kz
26.02.2025, 12:31

Қазір оның ғимараты таңдалып, әкімшілік жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал алдағы оқу маусымнан бастап толыққанды іске көшеді.

иллюстрациялы фото
иллюстрациялы фото

Бұл жөнінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мақсат Мұқаш мәлімдеді. Ол жергілікті спорт мамандарымен және спортшы жастармен кездесіп, саладағы көкейтесті мәселелерді талқылады. Оның ішінде аймақта  спорттық бағыттағы мектеп-интернаттың жетіспеушілігі сөз болды. Бұл проблема біртіндеп шешімін тауып келеді.

Қазірдің өзінде мектеп интернаттың аумағы және ғимараты таңдалып, әкімшілік жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл оған 125 баланы іріктеп, алғашқы оқу маусымын бастайды. Аталмыш мектеп-интернатта олимпиада бағдарламасына кіретін 5 бағыт бойынша болашақ чемпиондарды даярлаумен айналысады. 

“Қазір білім бөліміне қарасты қаладан 27 шақырым жерде орналасқан теңіздің жағасында бұрынғы лагерьде өзіміздің теңгерімізге өткізіп жатыр. Теңгерімнен өткеннен кейін 2,2 млрд теңгеге күрделі жөндеу өткізіп қыркүйек айында өз жұмысын бастайды деп жоспарлап отырмыз”, – деді Мақсат Мұқаш. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір