Ватерполшы қыздар Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, бірақ әлем біріншілігіне бара алмайды
Қытайдың Чжаоцин қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан қола медаль иеленді.
Үшінші орын үшін өткен шешуші кездесуде Қазақстан құрамасы Өзбекстанды 13:6 есебімен ойсырата жеңді. Жалпы, қазақстандық ватерполшы қыздар турнир барысында бес ойын өткізді.
Жеңістер:
- Сингапур – 12:6
- Гонконг – 25:6
- Өзбекстан – 13:6
Жеңілістер:
- Қытай – 6:21
- Жапония – 7:26
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанғанымен, бұл нәтиже әлем біріншілігіне жолдама алуға жеткіліксіз болды.
2025 жылы тамыз айында Сингапурде өтетін әлем чемпионатына Қытай мен Жапония жолдама алды. Олар бүгін өзара Азия чемпионы атағын сарапқа салады.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.