Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Күресте демеуші көп емес": Дәулет Тұрлыханов неліктен букмекерлер көмегіне жүгінетінін айтты

Сарапшы, спорт журналисі
02.03.2025, 17:01

Күрес түрлерінен Алматыдағы PWL-8 турнирі толығымен букмекерлік кеңсенің бас демеушілігімен өткен еді. 

sportbugin.kz
sportbugin.kz

Қазақстан күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов мұны күрестегі демеушілер санының аздығымен түсіндірді, деп жазады Sportbugin.kz.

“Күресте демеушілер көп дей алмаймын. Ал спортшылардың оқу-жаттығу жиынын ұйымдастыруға, жарыстарға апаруға, дәрі-дәрмегін әперіп, жалақы төлеуге үлкен қаражат керек. Одан бөлек, спортшылар жеңіске жеткенде берілетін сыйақы бар.

Olimpbet букмекерлік кеңсесімен біраздан бері жұмыс істейміз. Букмекерлер туралы заң ҚР Парламентінде қаралып, жұмыс топтарында көп талқыланды. Қазір жастар букмекерлермен әуестеніп, қарызға кіріп кетіп жатады. Осындай жағымсыз жағы бар.

Біз көп жерде Olimpbet компаниясын насихаттамаймыз. Оны жекелеген жерлерде балуандарымыз насихаттай алады. Себебі, заң бойынша шектеулер қойылды. Бұл компаниямен сол заң бойынша қарым-қатынастамыз”, — деді Дәулет Тұрлыханов.

Айта кетелік, Қазақстан күрес федерациясы соңғы екі жыл көлемінде Olimpbet букмекерлік кеңсесімен бірлесіп жұмыс істеп келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 2
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір