Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Сәбина Алтынбекова алғаш рет ажырасуы туралы ашық айтты (ФОТО)

Сарапшы, спорт журналисі
13.03.2025, 05:00

Қазақстандық танымал волейболшы Сәбина Алтынбекова жанкүйерлерінің ажырасу туралы сұрағына жауап берді. 

Сәбина Алтынбекова алғаш рет ажырасуы туралы ашық айтты (ФОТО)
instagram/tengri.live

2020 жылдың соңында Алтынбекова кәсіпкер Саят Салманұлымен шаңырақ көтерген болатын. Бір жылдан кейін олардың ұлы дүниеге келді.

Бірақ жанкүйерлер спортшының жеке өміріне байланысты сұрақтарын жалғастыра берді. Сәбина бұл тақырыпқа нүкте қою үшін Instagram Stories-те келесідей жауап жазды:

— Сіздер ажырасып кеттіңіздер ме?

— Иә, мен ресми некеде болдым және қазір заңды түрде ажырастым. Бұл сұраққа байланысты көп пікір айтылды, бірақ осы жерден бұл тақырыпты жабамын, — деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Сәбина Алтынбекова әлеуметтік желідегі жазбасында Индонезияның "Yogya Falcons" командасында өткен маусымды қорытындылап, бұл елге деген ерекше сүйіспеншілігін білдірген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 1
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір