Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Сәбина Алтынбекова ажырасудан кейінгі болашағы туралы айтты (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
13.03.2025, 09:00

Танымал қазақстандық волейболшы, өткен маусымда Индонезияның "Yogya Falcons" клубында өнер көрсеткен Сәбина Алтынбекова жанкүйерлерінің болашаққа қатысты сұрақтарына жауап берді. 

Caravan.kz
Caravan.kz

Алдағы маусымда қайда ойнайды?

Желі қолданушыларының бірі волейболшыдан келесі маусымдағы жоспарларын сұрады.

— Келесі маусымда қай клубта ойнайсыз?

— Қайда ойнайтынымды кейінірек айтамын, әзірге ойлану үстіндемін. Бірақ Индонезияда маған өте қатты ұнады, — деп жауап берді Сабина Instagram Stories-те.

Өзін болашақта қалай елестетеді?

Тағы бір жанкүйер он жылдан кейін өзін қалай елестететінін сұрады.

— Өзімді табысты бизнесвумен, керемет балалардың анасы және бақытты әйел ретінде көремін (қазіргі кезде мен бақытты қызбын), — деп жазды Алтынбекова.

Жеке өміріндегі өзгерістер

Еске сала кетсек, жақында Сабина Алтынбекова кәсіпкер Саят Салманұлымен ажырасқанын растады.

— Иә, мен ресми некеде болдым және қазір заңды түрде ажырастым. Бұл туралы көп сұрақ болды, бірақ осы жерден бұл тақырыпты жабамын, — деген еді спортшы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 3
👎 6
😂 1
😡 2

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір