
Ресейлік "Спорт-Экспресс" порталы танымал қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекованың өміріндегі өзгерістерге назар аударды.
“Азияның ең сұлу спортшысы күйеуімен ажырасқанын растады”деген тақырыппен мақала жарияланды.
28 жастағы спортшы әлеуметтік желілерде ажырасқанын мәлімдеді. Ол бұл шешімнің өзінің бастамасымен болғанын меңзеді.
“Бұл әлемде, өзге пікірлердің дауысы жиі өзіңнің дауысыңнан қаттырақ шыққанда, өзіңе адал болу — нағыз күштің көрінісі. Бұл сыртқы әсерлерге қарсы тұру ғана емес. Бұл шынайы күштің актісі. Әйел тек өзіне құлақ асуды таңдағанда, ол жан дүниесінің мәнімен үйлесімге енеді. Бұл күй — өзіңе деген терең махаббат пен құрмет, онсыз ішкі тыныштық та, үйлесім де мүмкін емес. Ол өз болмысын болуға рұқсат сұрамайды, мақұлдау күтпейді, күмәнданбайды. Ол жай ғана бар. Және осының бәрі — оның тыныштығы, оның сенімділігі. Ол түсінеді: өзің болу — артықшылық емес, ешкімге беруге дайын емес табиғи құқық. Шектеулерден шығу, оның шынайы құндылығы өзгенің бағасымен өлшенбейтінін түсінбейтіндерден босату. Дәл осы тәуелсіздікте, осы өзіне деген мызғымас адалдықта қайталанбас жарқыл жасырылған”, — деп жазды спортшы әлеуметтік желілерде.
Сабинаның жұбайы продюсер Саят Тостықбаев болды. Спортшының айтуынша, олар әлеуметтік желілерде танысып, бірнеше ай хат алмасып, тіпті кездеспеген. Жұп 2020 жылдың 25 желтоқсанында үйленіп, 2021 жылы ұлды болды. Ал жақында ғана Сабина тағы бес бала туғысы келетінін айтқан еді.
“Балалар — сөзсіз бақыт! Тағы бес баланы қуана-қуана дүниеге әкелемін, сонымен қатар олардың үлкен әпкесі сияқты көрінуге тырысамын. Командадағы қыздар менің ұлымды туған інім деп ойлады. Маған бұлай жағымды болған емес”, — деді Алтынбекова аналық туралы және индонезиялық “Yogya Falcons” клубындағы әріптестері туралы.
Қазан айында Сабина шамамен бір жылға созылған мансабындағы үзілістен кейін Индонезияның «Yogya Falcons» клубына қосылды. Оның құрамында қазақстандық волейболшы бірден капитан атағын алып, алғашқы трофейін — 2024 жылғы Yogya Volley Cup-ты жеңіп алды. Бұл ұлттық чемпионат басталар алдындағы маусым алдындағы турнир.
Ал ақпан айында Алтынбекова күтпеген жерден қазақстандық БАҚ-ты индонезиялықтармен салыстырып, сынға алды.
“Мен байқағаным, басқа елдердің барлық БАҚ-тары тек жақсы нәрселер жазады, оң сәттерді байқайды. Ал біздің, қазақстандықтар, негативті жеткізеді. Пікірлерді оқып отырып, бізге жаулардың қажеті жоқ, сіздер өздеріңізді құртып жатырсыздар. Дәл осы себептен барлық талантты жастар шетелге кетеді. Өйткені олар көмектеспейді және бағаламайды. Бөтен ел, бөтен адамдар, бірақ олар өздеріңізден де көп қолдайды. Рахмет, Индонезия, мен сіздерді жақсы көремін”, — деп жазды ол.
Алтынбекова көптеген елдерде өнер көрсетті: жас кезінде Жапонияға кетті, содан кейін мансабын Италияда жалғастырды және Қазақстанға оралып, “Алматы” үшін ойнады. Ол сондай-ақ екі рет Дубайдың “Аль-Васл” құрамында Араб лигасының чемпионы атанды.