Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қырғызстан Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелін соттамақшы

Сарапшы, спорт журналисі

Екатерина Бивол 5 жылдан 7 жылға дейін қамалуы мүмкін.

Қырғызстан Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелін соттамақшы
Сурет: ашық дереккөздерден

Қырғызстан соты бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға қатысты ұлтаралық араздық қоздыру бабымен қылмыстық іс қозғап, оны қамауға алу жөнінде ордер шығарды. Бұл туралы 24.kg басылымы хабарлады.

Тергеу мәліметінше, іс Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 330-бабы бойынша («Нәсілдік, этникалық, ұлттық немесе өңірлік араздықты қоздыру») қарастырылуда. Тергеу тарапынан Бивол 21 қазанда әлеуметтік желілерде тараған бейнематериалдарда қырғыз халқына қарсы қорлайтын және араздық тудыратын пікірлер айтқан деп айыпталып отыр.

Сот шешімімен оған сырттай айып тағылып, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленген. Қазір Екатерина Биволға халықаралық іздеу жарияланды. Аталған бап бойынша 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Айта кетейік, Бивол соңғы айларда бірнеше рет әлеуметтік желілерде қырғыз және қазақ халықтарына қарсы әдепсіз және қорлайтын мазмұндағы бейнежазбалар жариялаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір