«Жетісу» ФК бас бапкері Самат Смақовтың қызы Самира мен «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырза чемпиондық сәттерін көрсетті.
Самира Смақова — танымал қазақстандық футболшы әрі қазір «Жетісу» клубының бас бапкері Самат Смақовтың қызы. Ол өзінің сүйіктісі, «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырзамен түскен ерекше суреттерін әлеуметтік желіде жариялады.
Фотолар ҚПЛ-2025 маусымының чемпиондарын марапаттау рәсімінен түсірілген. Кадрларда жұптың қуанышты сәттері мен Шерханның чемпиондық медалін көрсеткен көріністер бар.
26 қазан күні өткен ҚПЛ-дың соңғы турында алматылық «Қайрат» өз алаңында «Астана» клубымен 1:1 есебімен тең түсті.
Бұл нәтиже арқылы «Қайрат» екінші жыл қатарынан Қазақстан чемпионы атанды.
Клубтың жеңіс сәттерінде отбасы мүшелері мен жақындары да қуанышын бөлісіп, солардың арасында Самира Смақова да назардан тыс қалмады.
Самира мен Шерханның бірлескен суреттері жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық туғызды. Көптеген қолданушылар олардың жұптық үйлесімін атап өтіп, «нағыз спорттық махаббат» деп пікір қалдырды.