Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Жаттықтырушылар жанжалы: Екі бапкер айыппұл арқалады

Сарапшы, спорт журналисі

Ақмола облысының Степногорск қаласында өткен грэпплинг жарысында бапкерлер арасындағы жанжал сот ісімен аяқталды. 

Жаттықтырушылар жанжалы: Екі бапкер айыппұл арқалады
NUR.KZ

Ақмола облысының Степногорск қаласында өткен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің грэпплинг турнирі күтпеген жағдай болған еді. Жарыс кезінде екі бапкер сөзге келіп, соңы төбелеске ұласқан болатын. Куәгерлердің айтуынша, эмоцияға берілген бапкерлер бір-біріне балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Іс Степногорск қалалық сотында қаралды. Сот бапкерлердің әрекетін «ұсақ бұзақылық» (Әкімшілік кодекстің 434-бабы) деп танып, әрқайсысына 78 640 теңге көлемінде айыппұл салды.

Екеуі де өз кінәсін мойындап, өзара татуласқанын және болған жағдайға өкінетінін айтты. Сондықтан сот қатаң жаза қолданбау туралы шешім қабылдады.

Сот шешімі

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ. Естеріңізге сала кетейік, бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түскен еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір