Француздар Қазақстан құрамасының Олимпиададағы жейдесін күлкі қылды

Сарапшы, спорт журналисі

Қысқы Олимпиадаға дайындық жасау үшін мемлекеттік қазынадан 13 миллиард теңге жұмсалған болатын.

Француздар Қазақстан құрамасының Олимпиададағы жейдесін күлкі қылды
Қазақстан ұлттық құрамасы

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсеткен France TV Direct арнасының комментаторлары Қазақстан спортшыларының киім үлгісіне назар аударды, деп хабарлайды Sports.kz.

Атап айтқанда, француз тілшілері қазақстандық атлеттердің спорттық формасынан ұлттық нақыштағы дәстүрлі элементтердің байқалмауына және костюмдердің жалпы дизайнының қарапайым болуына таңданыс білдірді.

"Көк түсті қазақтар. Біз оларды дәстүрлілеу киіммен көреміз деп ойлаған едік. Бәлкім, дайындалуға уақыттары болмаған шығар — Елена Рыбакинаның Australian Open турниріндегі жеңісін тойлап жатқан болар", — деп қалжыңдады репортёрлердің бірі.

Айта кетейік, Қазақстан Олимпиадаға дайындық үшін 13 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсаған. Төртжылдықтың басты қысқы додасында ел намысын 36 спортшы қорғайды. Олар фристайл-могул, фристайл-акробатика, биатлон, тау шаңғысы, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, трамплиннен шаңғымен секіру, конькимен жүгіру, шорт-трек және мәнерлеп сырғанау спорт түрлерінде бақ сынайды.

Оқи отырыңыз:

Олимпиада-2026: қазақстандық спортшылардың жарыс күнін қайдан көруге болады?;

Қазақ қызы қатысқан титулдық жекпе-жек нокаутпен аяқталды (ВИДЕО);

Boxam Elite-2026: сенсация, нокаут және ірі жеңістерқазақстандықтар финалға қалай шықты?

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 1
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір