Михаил Шайдоровтың сүйіктісі кім?

Сарапшы, спорт журналисі

Милан–Кортинадағы Қысқы Олимпиада ойындарында чемпион атанған мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың жүрегін жаулаған бойжеткен белгілі болды.

Михаил Шайдоровтың сүйіктісі кім?
instagram/@aislumurzagalieva

Айсұлу Мырзағалиева туралы не белгілі?

Taby.nu жариялаған ақпаратқа сүйенсек, Айсұлу спорт ортасында бұрыннан танымал әрі өз саласында жоғары нәтиже көрсеткен спортшы.

  • Туған жері: Ресейдің Сочи қаласы.
  • Спортқа келуі: 9 жасынан көркем гимнастикамен айналыса бастаған.
  • Қазақстанға ауысуы: 2015 жылы Алматыдағы ашық біріншілікте топ жарып, осы турнирден кейін қазақстандық мамандардың назарына ілігіп, ұлттық құрама атынан шығуға ұсыныс алған. Сол жылы қарашада Астанаға қоныс аударып, “Жұлдыз” мектебінде жаттыққан.

Медальдар және Азия алтыны

Айсұлудың еншісінде Әлем кубогы кезеңдерінде бір күміс және төрт қола медаль бар. Ал 2022 жылы Қазақстан құрамасы сапында шеңбермен бағдарламада Азия чемпионатының алтынын иеленген.

Михаил Шайдоровтың Олимпиададағы жеңісі Қазақстан үшін Қысқы Олимпиадалар тарихындағы екінші алтын әрі ел мәнерлеп сырғанауы тарихындағы алғашқы олимпиадалық алтын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір