Үміткерлер қатарында Брэд Питт, Тимоте Шаламе және Жейсон Момоа секілді әлемге әйгілі актерлер бар.
Қазақстанның халық әртісі, әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген “2026 жылдың ең сымбатты ер адамы” атағына үміткерлер қатарына енді. Байқауды Netizens Choice Magazine журналы ұйымдастырып отыр.
Номинацияға шоу-бизнес пен спорт саласындағы танымал тұлғалар ұсынылған. Үміткерлер арасында:
Димаш Құдайберген бұл тізімде Қазақстан атынан қатысып отыр.
Байқау нәтижесі онлайн дауыс беру арқылы анықталады. Дауыс беру тәртібі журналдың ресми парақшасында жарияланған.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, ең көп дауыс жинаған қатысушы:
Дауыс беру 2026 жылдың 30 мамырына дейін жалғасады.
Бұл номинация әртістің тек шығармашылық жетістігін ғана емес, әлемдік танымалдылығын да көрсетеді. Соңғы жылдары Димаш Құдайберген халықаралық аренада белсенді өнер көрсетіп, ірі мәдени іс-шараларға қатысып жүр.
Еске салайық, бұған дейін әнші қысқы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа автокөлік сыйлайтынын мәлімдеген болатын.