"Кінәм жоқ!" — Шавкат Рахмоновтың жары сотта күтпеген мәлімдеме жариялады

Сарапшы, спорт журналисі

Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмоноваға қатысты өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы бойынша істің жаңа ұстанымы белгілі болды. 

"Кінәм жоқ!" — Шавкат Рахмоновтың жары сотта күтпеген мәлімдеме жариялады
ulysmedia.kz

Айыпты мойындамады

Сот барысында Гүлайым Рахмонова өзіне тағылған айыппен келісетінін айтпады. Оның мәлімдеуінше, апат көлікті оңға қарай тартып кеткен сәтте рульді түзеп, машинаны теңестіруге тырысқан кезінде болған, деп жазады Telegram-дағы HALYQSTAN арнасы. 

Осыған байланысты Рахмонова мен оның қорғаушысы Бағлан Ырсанұлы іс бойынша қосымша сараптама тағайындауды талап еткен. Алайда прокурор Сабыр Серік бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.

Прокурордың жауабы

Прокурор Сабыр Серіктің айтуынша, тергеу кезеңінде Рахмонова бірнеше мәрте жауап беріп, кінәсін мойындаған.

"Тергеу кезінде Рахмонова бірнеше рет сұралды және өз кінәсін мойындады. Бүгін позициясын өзгертті. Қосымша сараптама жүргізуге себеп жоқ", — деді Сабыр Серік.

Оқиға қалай болды?

Еске салайық, өлімге әкелген жол апаты 2025 жылғы 27 шілдеде Алматы — Екатеринбург тасжолында тіркелген. Toyota Land Cruiser 200 тізгінінде болған Гүлайым Рахмонова көлікті басқара алмай қалған. Салдарынан машина бірнеше рет аударылып, қарсы бағытқа шығып кеткен.

Гүлайым Рахмонованың туған әпкесі мен құрбысы қаза тапты. Ал өзі және ұлы ауруханаға жеткізілген.

Қазір сот процесі жалғасып жатыр. Рахмонова тарапы өз нұсқасын алға тартып, қосымша тексеріс қажет екенін айтса, айыптау тарабы тергеудегі бұрынғы айғақтарға сүйеніп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір