Михаил Шайдоров көктемде Алматыда өнер көрсетпек
Шоу Almaty Arena мұз сарайында өтеді. Билеттер сатылымға шықты.
Nur.kz
5 сәуір күні Алматыдағы Almaty Arena мұз сарайында мәнерлеп сырғанаудан халықаралық деңгейдегі шоуы өтеді. Кештің басты жұлдызы – Қысқы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров.
Шоудың басты қонақтары
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, мұз үстіндегі гала-кешке:
- Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров
- танымал мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина
- әлемдік деңгейдегі кәсіби спортшылар
- мұз акробаттары қатысады.
Көрермендерді техникалық күрделі элементтерге толы бағдарламалар, жарық пен музыканың үйлесімі және эксклюзивті қойылымдар күтіп тұр.
Қашан және қайда?
- Өтетін орны: Almaty Arena
- Күні: 5 сәуір
- Уақыты: 17:00
Еске салайық, 14 ақпанда Михаил Шайдоров Италияда өткен Қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алып, Қазақстан тарихындағы алғашқы олимпиадалық чемпион-фигурист атанды.
Осыдан кейін чемпионға түрлі бағалы сыйлықтар беріле бастады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet