Хабиб Нурмагомедов Ресейдегі барлық бизнесін сатып жіберді

Сарапшы, спорт журналисі

Сөйтіп Біріккен Араб Әмірліктеріндегі жобаларға қаржы құймақ. 

Хабиб Нурмагомедов Ресейдегі барлық бизнесін сатып жіберді
Sportnews.az

Аралас жекпе-жектен бұрынғы әлем чемпионы Хабиб Нурмагомедов Ресейдегі бизнес активтерін толықтай сатып, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) жобаларға инвестиция бағыттағаны белгілі болды. Бұл туралы Mash телеграм-арнасы хабарлады.

Ресейдегі компаниялардан кетті

Дереккөз мәліметінше, 2025 жылы спортшы Ресей аумағындағы кәсіпкерлік қызметін тоқтатып, барлық қаржылық міндеттемелерін жапқан. Бұған дейін Нурмагомедовтің Федералдық салық қызметімен байланысты мәселелерге тап болғаны хабарланған еді.

Соңғы бес жылда ол:

  • "Росси" қорынан,
  • "Хикмат Травел" туристік агенттігінен,
  • "Сильди" киім брендінен,
  • "Первый мобильный" байланыс провайдерінен шығып кетті.

Сонымен қатар, Нурмагомедов Eagles жекпе-жек клубын кәсіпкер Зиявудин Магомедовке берген. Ақпаратқа сәйкес, аталған ұйымның 16 есепшоты салық тәртібін бұзуына байланысты бұғатталған.

БАӘ-дегі жаңа кезең

Mash мәліметіне қарағанда, Хабиб Нурмагомедовтің Әмірліктердегі бизнесі қарқынды дамып келеді. Ол KHABIB GYM спорт залдары желісін іске қосып, жыл сайын шамамен 6 млн доллар табыс тауып отыр.

Бұдан бөлек, кәсіпкер Gorilla FC промоушенін 1 млн долларға сатып алып, оның атауын EAGLE FC деп өзгерткен.

Басылымның жазуынша, Нурмагомедовтің Біріккен Араб Әмірліктеріндегі жалпы жылдық табысы шамамен 46–50 млн долларды құрайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір