Сәбина Алтынбекова бұрынғы күйеуімен қайта қосылды ма? Бакудегі кадрлар қызу талқыға түсті

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандағы ең танымал волейболшылардың бірі Сәбина Алтынбекова Әзербайжанның Баку қаласына барып, спорттық турнирдің құрметті қонағы атанды.

Сәбина Алтынбекова бұрынғы күйеуімен қайта қосылды ма? Бакудегі кадрлар қызу талқыға түсті
instagram/@altynbekova_20

Бакуде қандай турнир өтті?

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Бакуде AIGA лигасы аясындағы грэпплингтен "Еуразия чемпионаты" ұйымдастырылған. Аталған жарысқа құрметті қонақ ретінде бірнеше танымал тұлға шақырылған.

Солардың қатарында Геннадий Головкин (World Boxing ұйымының президенті, Қазақстан ҰОК басшысы), Саәбина Алтынбекова болғаны айтылды.

Турнирдің видеосында Саят Салманұлының да көрінгені көрсетіліп, осы жайт "Алтынбекова бұрынғы жұбайымен қайта қауышты ма?" деген болжамды күшейткен.

Әлеуметтік желідегі реакция

Инстаграмдағы жарияланымнан кейін оқырмандар екі тараптың бір шарада қатар жүруін әртүрлі түсіндіре бастады. Дегенмен әзірге Сәбина Алтынбекова да, Саят Салманұлы да бұл тақырыпқа қатысты ресми пікір білдірген жоқ.

Еске салайық, 2025 жылдың көктемінде Сәбина Алтынбекова бес жылдық некеден кейін Саят Салманұлымен ресми түрде ажырасқанын жариялаған. Ерлі-зайыптылардың 2021 жылы туған баласы бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір