Арман Царукян жаңа Porsche көлігін көрсетіп, бассейнге секірді
UFC жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингтің екінші нөмірі Арман Царукян әлеуметтік желіде ерекше видеосымен көзге түсті.
Царукян жаңа көлігін қалай таныстырды?
Әлеуметтік желіде тараған видеода Арман Царукян Porsche 911 GT3 RS (992) көлігімен бассейн маңына артқы жүріспен жақындағаны көрінеді. Ашық деректерге сүйенсек, бұл спорткардың бағасы 266 600 еуродан басталады.
Кадрда UFC файтері көліктен қолына бургер мен энергетикалық сусын ұстап шығады. Кейін тағамын автомобильдің төбесіне қойып, сырт киімін шешеді де көліктің карбон спойлерінен бассейнге секіреді.
Царукянның бұл әрекеті желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Бірі спортшының әзілге жақын мінезін атап өтсе, енді бірі қымбат көлікпен түсірілген видеоны сән-салтанаттың көрінісі деп бағалады.
Арман Царукянның соңғы жекпе-жегі
Арман Царукян UFC-дегі соңғы кездесуін 2025 жылдың қараша айында өткізіп, Дэн Хукерді мерзімінен бұрын жеңген еді. Одан кейін спортшы RAF промоушенінде бірнеше белдесу өткізді.
Айта кетейік, Царукян UFC жеңіл салмақ дәрежесінде, яғни 70 келіге дейінгі салмақта үздік файтерлердің бірі саналады.