"Ұрсаң – кінәлісің, ұрмасаң – тағы кінәлісің": Сәпиев орынбасарымен болған жанжал туралы

Бокс шолушысы

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қарағанды облысының спорт басқармасындағы қызметінен не үшін кеткенін түсіндірді. 

"Ұрсаң – кінәлісің, ұрмасаң – тағы кінәлісің": Сәпиев орынбасарымен болған жанжал туралы
sportilinet.kz

Серік Сәпиев жанжал туралы не деді?

Ол YouTube желісіндегі "Почему не я" арнасына берген сұхбатында бұрынғы орынбасары Дәурен Есімхановпен арадағы дауға қатысты пікір білдірді. Серік Сәпиевтің айтуынша, ол бұрынғы орынбасарының заңсыз әрекеттерін тоқтатуға тырысқан. Бірақ жағдай күтпеген бағытқа бұрылған.

"Орынбасарыма қатысты айтар болсам, ол заңсыз әрекеттер жасап жүрді. Мен соны тоқтатқым келді. Елестетіп көріңізші, сондай жағдай: ұрсаң – кінәлісің, ұрмасаң – тағы кінәлісің. Мұндайда қалай әрекет ету керек? Мен екінші жолды таңдадым", – деді Сәпиев.

Спортшы бұл оқиғада өзін" жағдайдың құрбаны" сезінгенін де жасырмады.

Сұхбат барысында Серік Сәпиевтен Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы қызметінен өз еркімен кеткені немесе оны қызметтен кетуге мәжбүрлегені сұралды. Олимпиада чемпионы бұл шешімді өзі қабылдағанын айтты.

Қарағандыдағы даулы оқиға қалай басталды?

Биыл қаңтар айында Қарағандыда Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасында жанжал болғаны туралы ақпарат тарады. Кейін әлеуметтік желілерде екеуінің арасында болған кикілжің сәті түсірілген видео жарияланды.

Осы оқиғадан кейін Сәпиев жағдайға қатысты түсініктеме беріп, жанжалдың шығу себебін айтты. Ал спорт басқармасында қызметтік тексеріс тағайындалды.

Тексеріс пен қоғамдық талқылаудан кейін Серік Сәпиев те, оның орынбасары Дәурен Есімханов та қызметтерінен босатылды.

Кейін Серік Сәпиев ҚР Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.