Еркебұлан Тоқтар жол апатына түсті (ВИДЕО)
Қазақстандық ММА файтері жол-көлік оқиғасына ұшырады.
Мотоциклмен көлікке соғылған
Қазақстан ММА әлеміндегі ең танымал әрі медиа белсенді спортшылардың бірі саналатын Еркебұлан Тоқтар Instagram желісіндегі сторисінде жол апатынан кейін түсірілген кадрларды бөлісті.
Видеодан Тоқтардың мотоциклі алдында тұрған жеңіл автокөлікке соғылғанын байқауға болады. Көліктің шанағына айтарлықтай зақым келгенімен файтердің мотоциклі қатты бүлінбеген.
Спортшы жарияланымына қысқаша ғана пікір қалдырды:
"Көз тиді", — деп жазды.
Соңғы жекпе-жегі қашан өтті?
Еркебұлан Тоқтар соңғы рет 2026 жылдың 28 наурызында Армения астанасы Еревандағы Hype Asia турнирінде октагонға шыққан.
Бұл кездесуде қырғызстандық Марсель Нурланбек уулуға төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен есе жіберді.
2025 жылы Еркебұлан Тоқтар спортты насихаттауға және мәдениет саласына қосқан үлесі үшін "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын алған. Осылайша тарихта бұл құрметті атаққа ие болған алғашқы ММА файтері атанды.
Айта кетейік, 30 жастағы спортшы Қазақстанда аралас жекпе-жекті танымал етуге үлес қосып жүрген ең медиа тұлғалардың бірі.