Ислам Махачев қымбат көлікте отырып, балаларға ақша үлестірді (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Дағыстандық файтер қымбат Mercedes ішінде отырып, өзіне жақындаған балаларға ақша таратқан.

Ислам Махачев қымбат көлікте отырып, балаларға ақша үлестірді (ВИДЕО)
instagram/@islam_makhachev

Жас жанкүйерлерін қуантты

Желіде жарияланған кадрларда Ислам Махачевтің көлігі маңына бірнеше бала жиналғанын көруге болады. Олар спортшымен амандасып, назарын аударуға тырысқан. Махачев болса жас жанкүйерлерін құр қол қайтармай, ақша үлестірген.

Бастапқыда файтер рубль таратқан. Кейін қолындағы рубль таусылған соң, долларға көшкен. Бірақ ірі купюраны беруге асықпай, балалармен әзілдескен.

Желі қолданушылары спортшының әрекетін талқылап жатыр

Махачевтің бұл әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Бірі UFC чемпионының қарапайымдылығын атап өтсе, енді бірі мұндай сәттердің спортшылар мен жанкүйерлер арасындағы байланысты күшейтетінін жазды.

Айта кетейік, бұған дейін осындай жомарт әрекеттерімен танымал шешен блогері Асхаб Тамаев та жиі көзге түскен. Ол туған ауылына барып, тұрғындарға түрлі сыйлықтар жасап жүрген видеоларымен танымал.

Келесі жекпе-жегі қашан?

Ислам Махачевтің алдағы қарсыласы туралы да ақпараттар талқыланып жатыр. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, ол тамыз айында өтеді деп күтілетін UFC 330 турнирінде Иэн Гэрримен кездесуі мүмкін.

Әзірге бұл жекпе-жекке қатысты ресми мәлімдеме толық жарияланған жоқ. Дегенмен Махачевтің жартылай орта салмақтағы келесі қадамы жанкүйерлер үшін басты тақырыптардың бірі болып отыр.