Шавкат Рахмоновтың жұбайы жаңа туған сәбиін көрсетіп, есімін жариялады (ФОТО)
Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде жаңа туған сәбиін көрсетті.
Сәбиінің есімін жариялады
Гүлайым Instagram парақшасында жаңа туған нәрестенің фотосын жариялады. Суретте сәби олардың тағы бір баласының қасында жатқанын көруге болады. Жазба астында ол қызының есімін де ашық жазды.
“Сенің есімің — Жанымсұлу”, — деп жазды Гүлайым.
Бұл — Шавкат Рахмонов пен Гүлайымның бесінші перзенті.
Рахмоновтың отбасы туралы не белгілі?
Бұған дейін Гүлайым танымал файтердің отбасынан бөлек кеткенін және қазіргі уақытта олардың арасында ажырасу процесі жүріп жатқанын мәлімдеген еді. Сонымен қатар наурыз айының соңында Жамбыл облысының соты Гүлайымға қатысты үкім шығарды. Ол жол қозғалысы ережесін бұзу салдарынан абайсызда екі адамның өліміне себеп болған іс бойынша кінәлі деп танылды.
Сот оны 5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті. Алайда жазаны орындау дәл сондай мерзімге кейінге қалдырылды. Сот жеңілдететін жағдай ретінде оның кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескерген.