Баходир Джалолов жаңа туған қызын көрсетті
Бокстан екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Джалолов әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа туған қызымен түскен әсерлі суретін жариялады.
Жазба жанкүйерлерді сүйсіндірді
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін танымал боксшы Instagram парақшасына отбасылық фотосын жүктеді. Суретте Баходир Джалолов үй жағдайында сәбиін құшағына алып отырған сәті бейнеленген.
Боксшы жарияланымына ағылшын тілінде қысқа ғана жазба қалдырды.
“Daddy’s girl”, — деп жазды Джалолов.
Қазақша мағынасы — “Әкесінің қызы”.
Ол жазбасына тәж эмодзиін де қосты.
Желі қолданушылары құттықтау жаудырды
Баходир Джалоловтың бұл жазбасы әлеуметтік желіде тез тарап, жанкүйерлер тарапынан жылы пікірлер жинады. Пост аз уақыт ішінде жүздеген мың лүпіл жинап, боксшының әріптестері мен оқырмандары құттықтау тілектерін қалдырды.
Көпшілік спортшыға отбасылық бақыт, сәбиіне амандық тілеп жатыр.
Баходир Джалолов туралы не белгілі?
Айта кетейік, Джалолов биыл наурыз айының соңында әке атанған болатын. Ол қазіргі әлем боксындағы ең атақты ауыр салмақ өкілдерінің бірі саналады.
Аса ауыр салмақта Токио және Париж Олимпиадаларында алтын медаль жеңіп алып, екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды.