"Әжем үйретті": Махачевтың қарапайым әрекеті жанкүйерлерді тәнті етті (ВИДЕО)
UFC чемпионының менеджері Әли Абдель-Азиз оның киімін ине-жіппен өзі тігіп отырған сәтін видеоға түсірді.
Галабеясын өзі жөндеді
Жарияланған бейнежазбада Ислам Махачев ұлттық үлгідегі галабеясын қолмен жамап отырғанын көруге болады. Әли Абдель-Азиз файтерден киімді тігін шеберханасына немесе тазалау орнына неге апармағанын сұрады.
"Неге жөндеуге бермейсің? Ақша жұмсағың келмей ме? Бар болғаны бес доллар ғой", – деді менеджер.
Махачев бұл сұраққа әзілмен жауап берді.
"Мүмкін, келесі аптада берермін. Осы аптада ақша жоқ", – деді UFC чемпионы күлімсіреп.
Тігіншілікке әжесі үйреткен
Ислам Махачевтың айтуынша, киім жамауды оған бала кезінен әжесі үйреткен. Ол бұл жұмысты кәсіби тігіншілерден де жақсы орындай алатынын әзілмен жеткізді.
"P4P рейтингінің королі галабеясын өзі жөндеп отыр. Нағыз қарапайым чемпион деген осы", – деді Абдель-Азиз.
Менеджер әлеуметтік желідегі жазбасына да ерекше пікір қалдырды.
"Өз киіміңді өзің тігу – чемпионға тән өте қызық қасиет. Мұны жазып қойыңыздар", – деп жазды ол.
Ислам Махачев 16 тамызға қараған түні UFC-дегі чемпиондық белбеуін қорғау үшін октагонға шығады. Қарсыласы — ирландиялық Иэн Гэрри.