Қуат Хамитов Арман Царукянның тілегін орындады (ВИДЕО)
"Найман" қарсыласының тілегін орындап, қазақстандық шоколадтан дәм татты.
Царукян Хамитовке “Қазақстан” шоколадын ұсынған
Бұған дейін ресейлік-армениялық UFC файтері Арман Царукян әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялаған. Кадрда ол “Қазақстан” шоколадын жеп отырып, Қуат Хамитовке әзілмен үн қатқан.
“Қазақстан, алға! Қуат Хамитов, тым болмаса осы шоколадты жеп жүр, аздап күш қосылсын”, – деген еді Царукян.
Бұл видео әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, қос файтер арасындағы қалжыңға ұласқан.
Хамитов қарсыласының ұсынысын қабыл алды
Көп ұзамай Қуат Хамитов та жауап видеосын жариялап, Арман Царукянның тілегін орындағанын көрсетті.
“Міне, Арман, біздің қазақстандық шоколад. Қазір жейміз. Алға, Қазақстан!” – деді Хамитов видеода.
Екеуі бұған дейін белдескен
Айта кетейік, Қуат Хамитов пен Арман Царукян 2026 жылдың шілде айында Грузияда RAF Georgia еркін күрес турнирінде бір-біріне қарсы шыққан. Белдесу барысында Царукян басымдық танытып, үшінші кезеңде есепті 11:0-ге жеткізіп, жеңіске жеткен еді.
Арман Царукян UFC-дің жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсетсе, Қуат Хамитов қазақстандық ММА жанкүйерлеріне “Найман” лақап атымен кеңінен танымал.