Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

кәсіпқой бокс

Тег бойынша кәсіпқой бокс жаңалықтары жинақталған: қазақстандық боксшылардың жекпе-жектері, чемпиондық белбеулер үшін айқастар, WBC, WBO, WBA және IBF рейтингтеріндегі өзгерістер.
Жекпе-жек

"Астанада бәрін дәлелдеймін!" — Бекзат Нұрдәулетовтің басты жоспары ашық жарияланды

Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов 30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанадағы әлем кубогында топ жаруды көздеп отыр.

Жекпе-жек

"Зия Алиев мені "лақтырып" кетті" - Мұхит Амантаев өтпей қалған жекпе-жек жайлы (ВИДЕО)

Жекпе-жекке үш ай бойы дайындалып, 15 миллион теңгесін жұмсаған боксшы жекпе-жекке үш күн қалғанда кештің өтпейтінін білген. 

Жекпе-жек

Головкиннің жақ сүйегі голливудтық фильмге шабыт берді (ВИДЕО)

Геннадий Головкин аты аңызға айналған "Жақ" ("Jaws") фильмімен байланыстырылды.

Жекпе-жек

"Канело" залында жаттыққан қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін жариялады (ВИДЕО)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет (14 жеңіс, 12 нокаут) өзінің келесі жекпе-жегінің нақты күнін жариялады. 

Жекпе-жек

"Канело" мен Кроуфордтың көз түйістіруі төбелеске ұласты (ВИДЕО)

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен америкалық Теренс Кроуфорд көз түйістіру кезінде жанжал шығарды. 

Жекпе-жек

Бибосыновты жылатқан олимпиада чемпионы сенсациялық жеңіліске ұшырады (ВИДЕО)

Англияның Бирмингем қаласындағы бокс кешінде күтпеген сенсация болды. WBC тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы уақытша чемпион, 2020 жылғы Олимпиада чемпионы Галал Яфай (9-1, 7 КО) мексикалық тәжірибелі боксшы Франсиско Родригестен (40-6-1, 27 КО) жеңіліп қалды.

Жекпе-жек

Жәнібек мансабында үзіліс болуы мүмкін

Жәнібек Әлімханұлының промоутерлік компаниясы – атақты Top Rank – ESPN телеарнасымен серіктестігін тоқтатуы мүмкін. Бұл жағдай қазақстандық чемпионның болашақ жекпе-жектеріне тікелей әсер етуі ықтимал.

Жекпе-жек

75 секундта екі нокдаун! Токиода әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтті (ВИДЕО)

WBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Брайан Норман Токиода өткен кештің басты жекпе-жегінде Дзин Сасакиді ауыр нокаутпен жеңді.

Жекпе-жек

Шымкенттік чемпион қыз Азияның жаңа жұлдызы атанды

Қазақстандық жас боксшы Элина Базарова Азияны тәнті етті. Ол Шри-Ланкада 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, Азия бокс конфедерациясы (ASBC) тарапынан үздік әйел боксшы деп танылды.

Жекпе-жек

Бибосыновтың ізімен: тағы үш чемпион кәсіпқой бокста дебют жасайды

Қазақстан құрамасының танымал боксшылары кәсіпқой рингте алғаш рет өнер көрсетеді. 

Жекпе-жек

Жеңіліп көрмеген Дычко АҚШ-та кіммен жұдырықтасады?

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко 19 шілде күні Вашингтонда кезекті жекпе-жегін өткізеді.

Жекпе-жек

Жәнібек Әлімханұлы "тақтан" құлады

Кәсіби бокста жеңіліссіз келе жатқан қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлы BoxRec рейтингінің жаңартылған нұсқасында көшбасшылықтан айырылды.

Жекпе-жек

Кәсіпқой боксшыны Берлинде пышақтап кетті

Жеңіліссіз рекорд орнатқан чечен текті неміс боксшысы Абу Юсупов Берлиндегі Gesundbrunnen вокзалында пышақ жарақатынан қайтыс болды. 39 жастағы спортшыға артқы жағынан шабуыл жасалған. Полицияның жедел көмегіне қарамастан, боксшы ауруханада жан тапсырды.

Жекпе-жек

"Жас Головкиннің" кезекті нокауты: Виктор Темиров Германияда қарсыласын жойқын соққымен тоқтатты (ВИДЕО)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Темиров (8-0, 6 КО) Германияның Ганновер қаласында өткен бокс кешінде кезекті жеңісіне жетті. Оның қарсыласы — тәжірибелі поляк Лукаш Барабаш (4-17, 2 КО) жекпе-жекті соңына дейін жеткізе алмады.

Жекпе-жек

Үздік боксшылар рейтингі жаңартылды. Головкин қай орында?

Мықтылар арасында GGG-дан басқа бірде-бір қазақстандық боксшы жоқ. 

Жекпе-жек

Madison Square Garden-дегі масқара: бұрынғы абсолютті чемпион нокдаунға түсті (ВИДЕО)

Madison Square Garden Theater аренасында өткен кештің басты жекпе-жегінде жергілікті фаворит, супержеңіл салмақтағы IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Ричардсон Хитчинс (20-0, 8 КО) өз атағын алғаш рет қорғады. Оның қарсыласы – төменгі салмақта бұрынғы абсолютті чемпион, австралиялық Джордж Камбосос (22-4, 10 КО) болды.

Жекпе-жек

Бокс аңызының WBA титулы үшін жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяқталды (ВИДЕО)

Буэнос-Айрестегі Casino Buenos Aires аренасында WBA нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы (53,5 кг дейін) уақытша чемпион белбеуі сарапқа салынды.

Жекпе-жек

Әлемдік промоутерлер Сәкен Бибосыновқа таласып жатыр

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жұлдызы Сәкен Бибосынов кәсіби боксқа өту туралы ұсыныстар алып жатқанын мәлімдеді.

Жекпе-жек

Қазақстанда "ысқырылған" Баходир Джалолов енді АҚШ-та жұдырықтасады

Өзбекстандық ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшы Баходир Джалолов келесі жекпе-жегін Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden аренасында өткізеді.

Жекпе-жек

Жәнібек Әлімханұлын 20-0 рекорд иесі ашық жекпе-жекке шақырды

Орта салмақтағы WBO және IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлына жаңа қарсылас көз тастап отыр. Бұл жолы оны жеңіліп көрмеген ирландиялық боксшы шақырды.