Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қызылжар ФК

Бұл бетте Петропавлдың «Қызылжар» клубына қатысты жаңалықтар жинақталған: бас бапкердің ауысуы мен үміткерлер тізімі, легионерлер мен трансферлер, клубтың қаржыландыруы және меншік мәселесі. Сондай-ақ ҚФФ пен ФИФА шешімдері, ҚПЛ турындағы матчтар мен қарсыластардың ойындары туралы материалдар бар.
Қызылжар
ҚПЛ 2026 · 10-орын · 33 ұпай · 30 ойын
Футбол

Африкалық сұрмерген ҚПЛ клубынан ресми түрде кетті

Петропавлдық «Қызылжар» командасы ивуарлық шабуылшы Сенин Себайдың клубтан кеткенін ресми түрде жариялады.

Футбол

Солтүстік Қазақстанда балалар футболын дамытуға қомақты қаражат бөлінеді

Солтүстік Қазақстан облысында футболды дамытуға қатысты маңызды қаржылық жоспар жарияланды.

Футбол

Миллиардер ҚПЛ клубын ішінара қаржыландырады

Петропавлдың «Қызылжар» ФК 2026 маусымында қосарланған қаржыландыру моделіне өтпек. Мәліметке сәйкес, энергетика саласындағы кәсіпкер Сергей Кан клубқа 1 млрд теңге құюды жоспарлап отыр, ал облыстық бюджеттен ҚПЛ-де өнер көрсету үшін шамамен 2 млрд теңге бөлінеді. Осылайша команданың жылдық жалпы бюджеті 3 млрд теңгеге жуық болады.

Футбол

ФИФА «Қызылжарға» қатысты үкім шығарды

ФИФА Қазақстан Премьер-лигасындағы жеке клубтардың бірі – петропавлдық «Қызылжар» командасына қатысты қаржылай шешім қабылдады. Халықаралық ұйымның хаты бойынша, клуб бразилиялық легионер Рафаэл Сабиноға 10 миллион теңге көлемінде қарызын өтеуге міндеттелді.

Футбол

«Қызылжар» бас бапкер бойынша ресми шешім қабылдады

Петропавлдың «Қызылжар» ФК бас бапкер, сербиялық маман Милич Чурчичпен келісімшартты ресми түрде ұзартты.

Футбол

Ресми: Қазақстанның тағы бір футбол клубы жеке меншікке өтті

Петропавлда ҚПЛ клубының жаңа иесі ресми түрде анықталды — «Қызылжар» футбол клубы олигарх Сергей Канның қолына өтті.

Болжам

Кубок – «Ордабасы» үшін маусымды құтқаратын соңғы мүмкіндік

Olimpbet-Қазақстан Кубогының жартылай финалының қарымта ойыны және «Астананың» қатысуымен өтетін Премьер-лиганың кейінге шегерілген матчы жайлы аналитика.

Футбол

ҚФФ бас хатшысы Лория: “Қызылжарға” қысым жасады деген айыптауларға жауап берді

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы Давид Лория Sports24.kz басылымына берген сұхбатында журналист Ербол Қайыров айтқан айыптауларға жауап берді. Ол «Қызылжар» клубына қысым көрсеткенін және «Жеңісті» басқарып отырғанын жоққа шығарды.

Футбол

Экс-президент жазықсыз қалмақ

Григорий Лория әлі күнге дейін сот алдында күдікті ретінде жауап бермей отыр.

Футбол

ҚФФ Бас хатшысының әкесі Григорий Лорияға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жалақыны заңсыз көтеру, бюджет қаржысын мақсатсыз пайдалану және салықтан жалтару сынды ауыр айыптар тергеліп жатыр.

Футбол

"Клуб ешқашан келісілген матчтарға қатыспаған". "Қызылжар" мәлімдеме жасады

Қазақстан Премьер-лигасындағы даулы жағдайдан кейін Петропавлдық "Қызылжар" футбол клубы өзіне тағылған айыптауларға жауап берді.

Футбол

"Кінә төрешіде емес": Мәулен келісілген матчтар жайлы ашық айтты

Футбол сарапшысы Ермұхамед Мәулен бұл матчты ашық түрде "договорняк" деп атап төрешілердің шешімін, VAR-дың әрекетсіздігін және Қазақстан футболындағы қателіктер жайлы пікір білдірді.  

Футбол

Дау тудырған пенальти! Екі төреші футболдан шеттетілді (ВИДЕО)

«Тұран» – «Қызылжар» матчында бас төреші болған Тимур Кумашев пен VAR көмекшісі Георгий Чеховскийді 2025 жылғы маусымның соңына дейін қызметінен шеттетті. Екеуі де келісілген ойындарға қатысы болуы мүмкін деген күдікке ілінген.

Футбол

"Қызылжар" күйреп жатыр ма? Жалақы жоқ, қарыз көп

Команда мүшелері маусым басталғалы бері жалақының тек үш айын ғана алған. Сыйақы да, сапар шығындары да төленбеген. Соған қарамастан петропавлдық ұжым ел кубогының жартылай финалына дейін жетіп, алаңда ерлік көрсетіп жүр.

Футбол

Милич Чурчич: "Қызылжарда" ресейлік ойыншыларды көргім келеді

Осылайша, "Қызылжардың" жаңа бас бапкері команда құрамын күшейтуді көздейді. 

Футбол

"Қызылжар" - "Қайсар" матчында үш гол соғылды (ВИДЕО)

Қазақстан Премьер-Лигасының 6-турында Петропавлдың "Қызылжар" командасы Қостанайда Қызылорданың "Қайсарын" қабылдады. 

Футбол

ҚПЛ-дағы матч тағдыры 96-минутта шешілді

Қазақстан Премьер-Лигасының 5-турында "Атырау" мен Петропавлдың "Қызылжар" командалары арасындағы ойынның шешуші сәті 96-минутта тіркелді.

Футбол

ҚПЛ клубы бапкерсіз қалды

Мұндай жағдайға команданың сүреңсіз ойыны себеп болған. 

Футбол

Милич Чурчич — ҚПЛ клубының бас бапкері атанды

Сербиялық маман Милич Чурчич ресми түрде Петропавлдың "Қызылжар" клубының тізгінін ұстады. 

Футбол

"Қызылжар" мен "Тұран" матчында бес гол соғылды (ВИДЕО)

Қазақстан Премьер-Лигасының кезекті турында Петропавлдың "Қызылжары" Қостанайда "Тұранды" қабылдады. Ойын соңғы минутта шешуші голмен аяқталды.