Санжар Тәшкенбай
Санжар Ташкенбай орысшаSanzhar Tashkenbay латынша
Санжар Тәшкенбай — қазақстандық әуесқой боксшы, әлемнің екі дүркін чемпионы (2023, 2025). 2022 жылы Аммандағы Азия чемпионатында жеңіске жетті, ал 2021 жылы жастар арасындағы әлем және Азия чемпионаттарында алтын медаль жеңіп алды. «Құрмет» орденімен марапатталған.
- Спорт түрі
- Әуесқой бокс
- Туған күні
- 01.06.2003
- Әлем чемпионаты
- Чемпион, 2023 (Ташкент), 2025
- Азия чемпионаты
- Чемпион, 2022 (Амман)
- Жастар арасындағы әлем чемпионаты
- Чемпион, 2021 (Кельце)
- Мемлекеттік марапат
- «Құрмет» ордені
Анықтама Уикипедия бойынша: Sanzhar Tashkenbay, Санжар Тәкенұлы Тәшкенбай, Ташкенбай, Санжар Такенулы
Санжар Тәшкенбайдың алғашқы жекпе-жегін төрешілер шешті (ВИДЕО)
Қазақстан құрамасының жас жұлдызы Санжар Тәшкенбай Ливерпульдегі әлем чемпионатында алғашқы айқасын сәтті өткізді.
Санжар Тәшкенбай АҚШ-та әйгілі бапкермен жаттығу бастады (ВИДЕО)
Қазақстан құрамасының көшбасшысы, әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай АҚШ-тың аты аңызға айналған маманымен жаттығу жасады.
АҚШ-та "Даңқ аллеясында" пайда болған қазақстандық боксшының есімі кім? Бұл Головкин емес (ФОТО)
Қазақстан құрамасының көшбасшысы, жас боксшы Санжар Тәшкенбай Лос-Анджелеске барып, әйгілі "Даңқ аллеясында" түскен суреттерін жариялады.
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup чемпионы (ВИДЕО)
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup финалында филиппиндік қарсыласын сенімді жеңіп, Қазақстан қоржынына алтыншы алтын медаль салды.
Басқа деңгейде жұдырықтасты – Тәшкенбай Астанада нағыз шеберлік сабағын көрсетті (ВИДЕО)
Астанадағы бокстан World Boxing кубогының жартылай финалында 50 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Санжар Тәшкенбай жарқырай көзге түсті. Ол әзербайжандық Субхан Мамедовты толық үстемдікпен тізе бүктірді.
Санжар Тәшкенбай жойқын дебют жасап, World Boxing кубогының жартылай финалына шықты (ВИДЕО)
50 кг салмақ дәрежесінің ¼ финалында Санжар Тәшкенбай жапониялық Содаи Котоны толық басымдықпен ұтты. Бес төреші де қазақстандық боксшыға 10:9 ұпайын берді — есеп 5:0.
Ұлттық құраманың көшбасшысы жанкүйерлерге үн қатты (ВИДЕО)
2023 жылғы әлем чемпионы алдағы турнирде халық қолдауына үміт артуда.
Төрехан Сабырхан мен Санжар Тәшкенбай Бақыт Сәрсекбаевтың қол астында жаттығады
Қазақстан жастар құрамасы U-22 деңгейінде жаңа құраммен жасақталмақ. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов мәлімдеді.
Санжар Тәшкенбайдың сенсациялық жеңілісі: Мәселе қолғапта ма?
Қазақстан бокс федерациясы Болгарияның София қаласында өтіп жатқан "Странджа-2025" кубогында Санжар Тәшкенбайдың күтпеген жеңілісіне қатысты ресми мәлімдеме жасады.
Сенсация! Санжар Тәшкенбайдың "Кіші әлем чемпионатындағы" жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды (ВИДЕО)
Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан "Странджа-2025" кубогында күтпеген жеңіліске ұшырады.
Азия чемпионатының жүлдегерлерін жанкүйерлер әуежайдан күтіп алды
Таиландта өткен Азия чемпионатында боксшыларымыз 10 алтын, 4 күміс, 6 қола жеңіп алған еді.
Өзбектер озды. Қазақстан қайтадан артта қалды
Таиландта бокстан Азия чемпионаты аяқталды.
Санжар Тәшкенбай — Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Таиландта бокстан АЧ-2024 48 келіге дейінгі салмақта финалдық кездесулер аяқталды.
Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай финалға шықты
Қазақстандық боксшы 48 келіге дейінгі салмақта жапониялық Кадзума Аратакемен қолғап түйістірді.
Бүгін Сәкен Бибосынов өзбек боксшысымен жұдырықтасады
Жалпы, жарыстың жетінші күні қазақстандық 5 былғары қолғап шебері рингке шығады.
АЧ-2024: Ұлттық құрама боксшыларының алғашқы қарсыластары анықталды
Кемі үшеуі өзбек.
Қазақстанның әлем чемпиондары жарақатына байланысты «алтыннан» айырылды
Санжар Тәшкенбай мен Сәкен Бибосынов Қарақозы Абдалиевті еске алуға арналған турнирдің финалдық жекпе-жектеріне қатыспайды.