Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Елена Рыбакина 50 минут ішінде Қазақстанды әлем чемпионатына алып шықты

Редактор Penalty.kz
11.04.2025, 11:03

Қазақстандық теннис жұлдызы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 10-орын) Билли Джин Кинг кубогы іріктеу кезеңінде Колумбияның өкілі Юлиана Лизаразоны (684-орын) оңай ұтып, еліміздің финалдық кезеңге жолдама алуын қамтамасыз етті.

olympic.kz
olympic.kz

Матч Австралияның Брисбен қаласында өтті. Рыбакина небәрі 52 минуттың ішінде қарсыласын екі сетте ұтты — 6:1, 6:2. Бұл жеңіс Қазақстан құрамасының екінші жеңіс ұпайы болып тіркелді және жалпы жеңісті қамтамасыз етті.

Осыған дейін Юлия Путинцева (23-орын) Валентина Медиорреаль Ариасты (804-орын) тас-талқан етіп жеңген болатын — 6:0, 6:1. Осылайша, қазақстандық теннисшілер қарсыластарына бірде-бір мүмкіндік қалдырмай, айқын басымдықпен көш бастады.

Юлия Путинцева. ФОТО: liter.kz

Осы нәтижелердің арқасында Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды. Біздің құрамамыз Австралия мен Колумбия қатысқан топта бірінші орынды иеленді.

Бүгін жарыс бағдарламасында жұптық матч та бар: Жібек Құламбаева мен Анна Данилина кортқа шығып, Мария Паулина Перес Гарсия / Юлиана Лизаразо дуэтімен кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір