
Forbes журналы соңғы 12 айда ең көп табыс тапқан теннисшілердің рейтингін жариялады. Екінші жыл қатарынан тізімнің көшін әлемнің екінші ракеткасы, бес дүркін "Үлкен дулыға" турнирінің жеңімпазы – испаниялық Карлос Алькарас бастады.
Forbes дерегіне сүйенсек, Алькарас осы кезеңде 48,3 миллион доллар табыс тапқан. Оның 35 миллионы – корттан тыс жарнамалық келісімдерден түскен.
Рейтингтен байқағанымыздай, жас ойыншылардың ішінде Алькарас пен Синнер коммерциялық табыстың негізгі бөлігін иеленіп отыр. Ал тәжірибелі Новак Джокович спорттағы ұзақ жолы мен тұрақты брендтік келісімдерінің арқасында алғашқы төрттікте.