Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Аружан Сағандықова Қытайдағы турнирде топ жарды

Сарапшы, спорт журналисі
08.09.2025, 14:40

20 жастағы қазақстандық теннисші көрші елде өткен ITF W15 сериялы турнирінде қарсыластарын қапы қалдырып, басты трофейді иеленді. Бұл – оның халықаралық деңгейдегі екінші ірі жеңісі.

Sports24.kz
Sports24.kz

Қазақстандық теннисші Аружан Сағандықова Қытайда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті. Финалда Сағандықова ресейлік теннисші Мария Калякинаны сенімді ойынымен ұтты. Шешуші матч 6:4, 6:3 есебімен аяқталды. Қазақстандық спортшы ойын барысында допты қабылдаудағы сабырлылығымен және шешуші сәттердегі дәл соққыларымен ерекшеленді.

Бұл жеңіс – Аружанның ITF турнирлеріндегі екінші жүлдесі. Ол алғашқы кубогын 2023 жылы Тунисте иеленген еді. Қытайдағы жеңіс оның рейтингін жақсартып қана қоймай, келесі ірі турнирлерге жол ашпақ.

Қазақ теннисіндегі жаңа толқын

Аружан Сағандықованың табысы – қазақстандық теннистің болашағы зор екенін тағы бір дәлелдейді. Соңғы жылдары Елена Рыбакина бастаған жаңа буын әлемдік аренада қазақ спортын танытып жүрсе, енді жастар да сол ізбен жүріп келеді.

Айта кетейік

Жуырда тағы бір қазақстандық теннисші US Open-2025 турнирінде сенсация жасаған еді. 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы АҚШ-та өтіп жатқан жарыста бірінен соң бірін бірнеше фаворитті жарыстан шығарды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір