Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына шықты

Спорт шолушысы

Қазақстандық теннисші Римде WTA 1000 санатындағы ірі турнирде жеңісті жолын жалғастырды.

Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына шықты
instagram/@wta

Екі сеттегі жеңіс 

Әлемдік рейтингте 2-орында тұрған отандасымыз үшінші айналымда филиппиндік Александра Эаламен кездесті. WTA рейтингінде 42-сатыда тұрған Эала Рыбакинаға лайық қарсылық танытқанымен қазақстандық теннисші матчты өз пайдасына аяқтады.
Кездесу екі партияға созылды: 6:4, 6:3.

Рыбакина турнирді сенімді бастады

Айта кетейік, Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастаған. Алғашқы матчында грекиялық Мария Саккариді сенімді түрде жеңді — 6:4, 6:1.

Биыл Римдегі турнирде Елена Рыбакина басты фавориттердің бірі саналады. Қазақстандық теннисші жарыс кестесінде екінші нөмірмен себілген.

Римдегі WTA 1000 турнирінің жалпы жүлде қоры 7 228 080 еуроға тең. Жекелей сында чемпион атанған теннисші 1 055 285 еуро табыс тауып, сонымен қатар 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.